Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз былтыр ведомство 9 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңайлату, олардың сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. Өткен жылы министрлік құрылымдары 9 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і немесе 95 пайызы автоматтандырылған», деді ресми өкіл онлайн режимдегі брифингіде.
Олардың ішіндегі көп сұранысқа ие – автокөлікті тіркеу, оған 2 миллион 366 мың адам жүгінген.
«2 миллионнан астам азаматқа жеке басты куәландыратын құжат берілді. Миллионға жуығы жүргізуші куәлігін алған. 2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жері бойынша тіркелді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, ІІМ-нің Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ең басты ұстанымы – қызметтерді автоматтандыру, жеделділігін арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты азайту болып табылады», - деді Н. Ораз.