• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2021

Ресейде британдық штаммды анықтайтын тест тіркелді

153 рет
көрсетілді

Роспотребнадзордың орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты коронавирустың «британдық» штаммын анықтайтын әлемдегі алғашқы сынақ жүйесін әзірлеп шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Роспотребнадзор атап өткендей, жаңа технология коронавирустың кез келген мутациясын, сондай-ақ жаппай тестілеуді қажет ететін басқа да инфекцияларды анықтау үшін реагенттер жасауға мүмкіндік береді.

2020 жылдың желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы пайда болғаны айтылды. Кейінірек Ұлыбритания билігі оның тез таралатынын және халықтан карантин шараларын мұқият сақтауды талап ететінін хабарлады.

Айта кетсек, ғалымдар жаңа штаммның өлімге әкелетіні немесе аурудың ауыр ағымын тудыратыны туралы дәлелдер таппады. Осыған орай бірқатар ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатқан.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ