• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2021

Алматы әкімі Креативті индустриялар басқармасын құру бастамасын қолдады

318 рет
көрсетілді

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынған Креативті индустриялар басқармасын құру туралы бастамасына қолдау білдірді. 

Бұл басқарма қарқынды дамып жатқан креативті экономиканы ескере отырып құрылып отыр. Әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, шығармашылық пен мәдениет саласы ақпараттық және инновациялық технологияларымен бірігіп дамып отырса, бұл салалалар одан әрі өркендей түседі.   Жаңа басқарманың негізгі міндеті – креативті индустрия саласында заманауи, ең үздік шығармашылық жұмыстарға қолдау көрсетіп, оларды сақтауға, жаңа өнім шығарып, оларды жария етуге арналған креативті ортаны қалыптастыру, сондай-ақ, креативті индустрияның өнімдеріне жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, креативті жұмыс кеңістіктерді дамыту болып табылады. Сонымен қатар, басқарма ұлттық валютаны нығайтудың негізгі себебінің бірі, яғни зияткерлік өнімнің экспорттық құрамдас бөлігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді.   Креативті индустриялар басқармасы ақпараттық, білім беру, ғылыми-зерттеу технологияларын және осы заманғы озық тәжірибелер мен әдістерді енгізу арқылы мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасын арттыру; Мәдениет мекемелерді құрамында ойын-сауық кешені бар заманауи, көпфункционалды және тұтынушы талаптарына сай әлеуметтік орталықтарына айналдыру; мәдениет пен ойын-сауық инфрақұрылымын дамыту мақсатында жеке инвестицияларды және басқа да қаржыландыру көздерін тартуға жағдай жасау; «Ивент-брендтер», қаладағы іс-шараларды өткізу мен түрлі мәдениет өнімдеріне қолдау көрсету арқылы қаланың туристік, инвестициялық және мәдени тартымдылығын арттырып, әлемдік мәдени кеңістігіне ену бағытындағы жобаларды қолдайды.   Креативті индустриялар басқармасының құрылуы мәдениет пен жалпы шығармашылықтың өркендеуіне ғана емес, сонымен қатар, туристер санының артуына ықпал етіп, әлемге танымал шығармашылық тұлғалардың арқасында бүкіл еліміздің имиджін көтеруге ықпал ететін болады.    Бұл жоспардың бәрі шығармашылық секторды коммерцияландыру, зияткерлік әлеуетті дамыту және шығармашылық өндірісті кеңейту арқылы жүзеге асырылатын болады.