• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Ақпан, 2021

COVID-19 төлқұжаты қолданысқа енгізіледі

287 рет
көрсетілді

Наурыз айынан бастап ковид төлқұжаты қолданысқа енеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл бастаманы әлемнің әуе компаниялары қолдап отыр.

Аталған төлқұжатта жолаушының вакцина алғаны және тест тапсырғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Оған қоса әр адам өз денсаулығына қатысты ақпаратты қосымша енгізіп, әуе компаниясы қызметкерлеріне немесе көші-қон қызметінің мамандарына көрсете алады. 

Ковид төлқұжатын халықаралық рейспен ұшатындар міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек. Бұл әуе қатынасындағы қауіпсіздікті күшейтіп, шекаралардың ашылуына негіз болады дейді мамандар.

Қазіргі таңда тағы да ондаған әуе компаниясымен келісім жүргізіліп жатыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ