Үндістанның Уттаракханд штатында мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны 54-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Жергілікті полиция өкілінің мәліметінше,Тапован туннелінен үш мәйіт шығарылып, соның нәтижесінде қаза тапқандар саны 54-ке жетті.
Оған қоса 179 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Елде құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Үндістанның Уттаракханд штатындағы Гималай тауында мұз еріп өзенге түсіп, су тасқыны жүрген болатын.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ