Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құрама команда Испанияның Ампоста аймағында спорт базаға аттанды. Аталған жаттығу жиыны жаңа маусымға дайындық үшін өте маңызды. Қазақстан құрамасы Испания командасымен бірлескен жаттығуға қатысады.
Сондай-ақ Перу құрамасымен де шеберліктерін шыңдайды. Испания жерінде Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов және Вадим Шарлаимов дайындықтарын пысықтайды.