• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2013

Ұлттық арна үздіктерді марапаттады

450 рет
көрсетілді

Елордадағы «Дипломат» қонақ үйінде «Қазақстан» ұлттық арнасының 2013 жылғы телевизиялық маусымы қорытындыланды. Ұлттық арнаның айрықша жобалары атап өтіліп, жоба авторлары мен продюсерлері, режиссерлер мен актерлер марапатталды.

Елордадағы «Дипломат» қонақ үйінде «Қазақстан» ұлттық арнасының 2013 жылғы телевизиялық маусымы қорытындыланды. Ұлттық арнаның айрықша жобалары атап өтіліп, жоба авторлары мен продюсерлері, режиссерлер мен актерлер марапатталды.

Соңғы жылдары «Қазақстан» РТРК» акцио­нерлік қоғамы отандық өнімдерді дамыту жолына бет бұрып келеді. Оның ішінде отандық сериалдар түсіру ұлттық арна ұжымының еңбегін жаңа бір белеске көтергендей. Биылғы қараша айынан бастап арна корей және түрік телехикаяларынан толықтай бас тартып, тек отандық өнімдерге бет бұрғаны баршаға мәлім. Бұл орайда «Қазақстанның» хабар тарату кестесіне айтарлықтай өзгеріс еніп, отандық телехикаялардың саны артты десек, салтанатты марапаттау рәсімінде осы іске белсене араласып,  лайықты үлес қосып жүрген адамдар құрметке бөленді. 

Биылғы мау­­­­сымды қорытын­­дылаған «Қа­зақ­стан» ұлттық арна­­сының басшысы Нұржан Мұха­меджанова  телеарна отан­дық сериалдар түсіруді 2009 жылы қолға алғанын, содан бері бүгінге дейін түсірілген телехикаялардың ұзын саны 30-ға, ал, жалпы ұлттық арнаның өнімі 628-ге жеткенін айтты. «2010 жылы экранға жалпы саны 84 бөлімнен тұратын екі телехикая шықса, 2011 жы­лы көрермендер назарына жеті телехикая ұсынылды. 2012 жылы телеарна телехикаялардың санын 14-ке жеткізе отырып, отандық өнім көлемін екі есеге арттырды. Ұлттық арна әртүрлі бағыттағы тақы­­рыптарды қамтып қана қоймайды. Еліміздің жеткен жетістіктерін, сындарлы сая­сатын ұлтжандылықпен, отаншылдықпен жүзеге асырып отыр. Бұл орайда шығармашылық ұжымның еңбегі өте нәтижелі. Бірақ, жақсы өнімдерді елге ұсы­нуда тек шығармашылық ұжымның еңбегі жеткіліксіз болар еді. Біз үлкен-үлкен ұжымдармен, продакшн студиялармен бірге еңбек етеміз. Жаңа жылдың қарсаңында өзара әріптестікте бірге еңбек еткен шығармашылық адамдарына  алғыс айтқанды жөн көріп отырмыз», – деді телеарна басшысы.

Салтанатты марапаттау рәсімінде қазақ әдебиетінің классикалық туындысын алғаш экрандағаны үшін «Әпке» телехикаясын тү­сіруші шығармашылық топ, жастар тақырыбын креативті көзқараста көрсеткені үшін «Достар» ситкомы, креативті режиссерлік шешім аталымы бойынша «Сұңқар» телехикаясының режиссері Жантай Қыдырәлиев, тарихи тұлғалар тағдырын сәтті шығарғаны үшін «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі, анимация саласында тәрбиелік тақырыпты ашқаны үшін «Әли мен Айя» мультфильмі, балаларға арналған танымдық сериал аталымы бойынша «Томпақ» телехикаясы үздік деп танылып, марапатқа ие болды. Сонымен қатар, әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға үлес қосқаны үшін «Көк тарландары», ұстаз мамандығын дәріптегені үшін «Ұстаз», дәрігер ма­мандығын дәріптегені үшін «Жедел жәрдем», бөлімшелік полицейлердің жұмысына елдің сенімін нығайтуға үлес қосқаны үшін «Ауыл сақшысы», дене тәрбиесі мен спортты насихаттағаны үшін «Олимп шыңы» телехикаясы жеңімпаз деп танылды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар