• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Семейдің саунасындағы полицейлер ме?

317 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желідегі жазба авторы Руслан Лазутаның айтуынша, саунада отырғандар – полицейлер.

Руслан Лазута Instagram-дағы парақшасында фотода Семей қаласының орталық полиция бөлімі полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Ришат Сұңғатов және учаскелік инспекторлармен бірге саунада отырғанын жазған. Айтуынша, қаңтардағы карантинге қарамастан, «жаңа басшының лауазымды қызметке тағайындалғанын тойлау» үшін жеке құрам жиналған. Фото саунада түсірілген.

Жазбаға қатысты ШҚО Полиция департаменті тексеріс бастапты.

«Әлеуметтік желіде тараған фотосуретте Семей полиция басқармасының қызметкерлерінің бары рас. Бұл дерек бойынша ШҚО ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы ресми тексеруді бастады»,  деді департамент өкілдері.