• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Қызылордадағы түзеу мекемелерінде электронды терминалдар іске қосылды

246 рет
көрсетілді

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсартуға, цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Жуырда тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі  сотталғандардың  арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтетін электронды терминалдар орнатылды. Қазір мекемелердегі барлық сотталғандарға терминалды пайдалану бойынша оқыту жүргізілді.  

Осы электронды терминал арқылы сотталушы немесе айыпталушы  азаматтар өзінің жеке ісі бойынша тікелей сотқа, прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз-шағым жасай алады. Ол үшін алдымен, сотталған арыз-шағым немесе өтініш хат берген терминалдан сандық түбіртегін алады. Бұл түбіртек оның өтінішін, арызын  қарау кезегі болып саналады.