• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 17 Ақпан, 2021

«Жаңадан реттеу» қағидаты енгізіледі

250 рет
көрсетілді

Жуырда Zoom платформасында онлайн режімде өткен баспасөз конференциясы барысында «жаңадан реттеу» қағидаты, оның ішінде бизнесті заңсыз араласудан қорғау шаралары талқыланды.

Талқылауға Кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғау жөніндегі уә­кіл Рустам Жүр­сінов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы­ның кеңес­­шісі Ербол Өстеміров, «Ата­мекен» ҰКП Басқарма төр­аға­сы­ның орынбасары, бизнес-омбудс­мен аппаратының басшысы Шыңғыс Темір, сондай-ақ «Нарық­ты мониторингілеу және сарап­тау орталығы» ЖШС дирек­торы Серікбек Елшібеков қатысты.

«Жаңадан реттеу» қағидатын енгізу мемлекеттік реттеу проб­лемаларын шешуде жүйелі тәсіл­ді көздейді. Көптеген дамыған е­л­дер тиімді бизнес-реттеуді қа­лып­­тастыру жолынан өтті, сон­дық­тан да жұмысты осы елдердің тәжі­рибесіне сүйене отырып жүр­гізу қажет», деді Қазақстан кәсіп­керлерінің құқықтарын қор­ғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов.

Сондай-ақ ол сатып алу саласындағы сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін төмен­дету үшін «Атамекен» ҰКП-ның «Сатып алудың бірың­ғай терезесі» порталының мү­мкін­дік­тері кеңінен пайдаланылып отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 22 қаң­тар­да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында 2020 жылдың басы­нан бастап осы портал жанында әрекет етіп отырған «Регион ГЗ» мемлекеттік са­тып алулардың рейтингтік жүйесі таныс­тырылды. Оның жұмысы барысында жал­пы сомасы 22,8 млрд теңгеден асатын негізсіз жоғары бағалармен сатып алу анықталды.

Ал «Атамекен» ҰКП Басқарма төраға­сының кеңесшісі Ербол Өстеміров жаңа реттеу­шілік сая­сат мәселелері бойынша заң жо­ба­сының қалай әзірленіп жат­қа­нына назар аударды. Оның айтуынша, заң жобасында Кәсіп­керлік кодекске реттеу сапасына бағытталған бірқатар норманы енгізу жоспарланған. Бұдан басқа заң жобасы аясында салдарларды іс жүзінде байқаудан өткізу мақ­сатында жаңа реттеуді енгізудің не­ме­се қолданыстағыларын алып тастаудың эксперименттік уақыт­­ша режімінің құқықтық мәрте­бесі, сон­дай-ақ нормативтік-құқық­тық актілер мен нормативтік техни­ка­­лық құжаттардың дерек­қоры бо­лып табылатын кәсіпкерлік са­ла­сын­дағы Міндетті талаптар тізілімі­нің құқықтық мәртебесі белгіленетін болады.

Мемлекеттік сатып алуда­ғы де­рек­­терді, оның ішінде жер­гілікті қам­ту үлесін жед­ел тал­дауға келе­тін болсақ, мұн­да об­лыс­тар мен аудан­дар бөлінісінде барл­ық ақ­­па­­ратты алуға бола­тын «Са­тып алу­дың бірыңғай тере­зесі» бағ­дарламасы маңыз­ды рөл ат­қарады. Бұл туралы бас­пасөз кон­­фе­­ренциясы барысында «Нарық­ты мони­торингілеу және сараптау орталығы» ЖШС директоры Серікбек Елшібеков жеткізді.

«Сатып алудағы жергілікті қамту үле­сі бойынша есептерді егжей-тегжейлі тал­дауға және зерделеуге болады. Сондай-ақ өнер­кәсіп пен қарапайым заттар экономикасы бөлінісінде жергілікті қамту үлесі бойынша жеке есеп дайындап жатырмыз», деді ол.