• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Ақпан, 2021

Алматыда Қазковид бойынша 2 мыңдай ерікті екпе салдырды

295 рет
көрсетілді

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде өтіп жатқан тұрғындармен есептік кездесуінде вакцинацияның бірінші кезеңі жайлы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындардың сұрағына жауап бере келе, қала әкімі вакцинацияның қалай өтіп жатқанына тоқталды.

«Біздің Казковид бойынша екі мыңдай ерікті азамат екпеден өтті. Екі уколын да алды. Ешқандай қиын жағдайлар болған жоқ. Аздап жанама әсерлер болғанымен, басқасының бәрі дұрыс», - деді Бақытжан Сағынтаев. Ол квота бойынша бірінші жартыжылдықта Алматыда жүз елу мың дозаның қабылдатынын айтты.

Қазір вакциналарды инфекциялық стационарлардың, жедел жәрдемнің дәрігерлері, емханалардың фильтрлі және қызыл аймақтарда жұмыс істейтін дәрігерлері мен медбикелері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері алады.

2 наурыздан бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер, орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медицина қызметкерлері вакциналаудан өтеді. Сәуір айынан бастап мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдері, оқушылар және созылмалы аурулары бар адамдар егіледі.

Әрі қарай тілек білдірген азаматтар вакцина ала алады. Вакцина тегін және әзірше вакциналауға ақша қарастырылмаған.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың екінші есеп беру кездесуі пандемияға байланысты онлай форматта өтуде. Сұрақтар қоюға ниет білдіргендердің барлығына 1308 бірыңғай желі телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, сұрақтарды Whatsapp 8 777 046 33 33 нөміріне жіберуге немесе әлеуметтік желілердегі есеп беру кездесуінің трансляциясы бойынша түсініктемелерде қалдыруға болады. Тұрғындар өз сұрақтарын эфир кезінде қолжетімді болатын ZOOM көмегімен де қоя алады. Сонымен қатар, сегіз ауданда тұрғындар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өз сұрақтарын қоя алатындай арнайы орындар қарастырылды. Онлайн көрсетілім Facebook және қалалық әкімдіктің, «Алматы» арнасының, OpenAlmaty және StopCOV сайтында көрсетіледі.