• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Г. Әбдіқалықова: Жаңа жұмыс орындарын құру – біздің басым бағыттарымыздың бірі

620 рет
көрсетілді

«Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары арқасында өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан асқан жоқ. Бұл туралы бүгін ел алдында берген қорытынды есебінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. 

Өткен жылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның 15 мыңнан астамы тұрақты. Осы бағдарламалар аясында 2020 жылы тұрғын үй, жол және әлеуметтік салаларда 44,3 млрд теңгеге 351 жоба жүзеге асырылды. Ал, биыл 12,8 млрд теңге болатын 42 жобаны іске асырылмақ. Айта кетейік, өткен жылы аймақ экономикасының негізгі басым бағыттарын дамытуға Президент тапсырмасымен қосымша15,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Қомақты қаржыға маңызды 42 жоба жүзеге асырылды.

- Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 40,1 млрд теңге қаржы қаралып, 291 жоба жүзеге асты. Бұл пандемия кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – экономиканы дамыту, әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жаңа жұмыс орындарын құру – біздің басым бағыттарымыздың бірі, - деді облыс әкімі.