• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Ақпан, 2021

Қарулы Күштерде эпидемиялық жағдай тұрақты

186 рет
көрсетілді

Қорғаныс ведомствосының басшысы әскерде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Бас әскери-медициналық басқарма бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаевты тыңдады.

Кездесу барысында Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұр­лан Ермекбаев әскери қыз­метші­лердің денсаулығын сақ­тау жауын­герлік даярлықты қол­даудың ма­ңызды факторы, ал жеке құрамның науқастануының алдын алу жөніндегі барлық ша­раларды қабылдау – бірінші ке­зектегі міндет екенін атап өтті. Бас әскери-медициналық бас­қарма бастығы, медицина қыз­метінің полковнигі Тимур Ошақ­баев Қарулы Күштерде ұйым­дастырылған жүйелі іс-шара­лар жеке құрамның коронави­рус инфекциясын жаппай жұқтырудан сақтануға мүмкіндік бергенін баяндады. Сонымен қатар алдын алу шараларының ауқымы мен қарқындылығы күн сайын артып, олардың сапасы жақ­са­ру­да. Жалпы, Қарулы Күштерде коро­на­вирус инфекциясын жұқтыр­ған­дардың саны елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Бұл барлық жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу іс-шараларын толық өткізуге, жауынгерлік әзір­ліктің жай-күйін қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2020 жылдың көк­темі мен жазындағы тәжірибе бойынша Қарулы Күштер елі­міздің денсаулық сақтау қажет­тіліктері үшін әскери-меди­ци­налық мекемелерді стационар, мобильді әскери-далалық госпиталь ретінде, сондай-ақ шал­ғай өңірлерде медициналық көмек көрсету үшін 24 дәрігерлік-мейір­бикелік бригаданы жұмылдыруға дайын. Қазіргі уақытта екпе жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, ол Қарулы Күштерде биыл наурыз айында басталады. Екпе жүргізуде жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Әскери қыз­метшілер мен аза­маттық қызмет­кер­лердің пікір­лерін алдын ала зерде­леу көрсет­кендей, барлығы дерлік корона­вирусқа қарсы екпенің қажет­тілігін қолдайды.

Қорғаныс министрі жауын­герлік даярлық іс-шара­ларын қысқартуға, әскери даяр­лықты төмендетуге жол берілмей­тінін атап өтті. Осыған байланысты ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шараларын жетілдіруді тапсырды. Олар түсіндіру жұмыстарын және денсаулық жағдайының күнделікті мониторингін, сондай-ақ жеке құрамға жоспарлы екпені, ПТР-тестілеуді, ал қажет болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсетуді қамтуы тиіс.

Алдын алу шараларын ұйым­дастыру мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиялық бақылау ко­митетімен, сон­дай-ақ жергілікті атқарушы орган­дардың тиісті бөлім­шелерімен өзара тығыз қарым-қатынаста жүр­г­ізу тапсырылды. Қарулы Күш­тер түрлеріндегі, өңір­лік қолбас­шы­­лықтардағы, әскер тек­­терін­­дегі, әскери бөлімдер мен мекеме­лердегі эпидемиялық жағ­дай­дың жай-күйіне жауапты бас қолбасшыларға, қолбасшыларға, командирлер мен басшыларға жеке міндеттер жүктелді.