• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2021

Бұлан атып, айыппұл арқалады

508 рет
көрсетілді

Былтыр күзде Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері авиациямен қарауылдау кезінде Риддер қаласының екі тұрғыны бұлан атқанын анықтаған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен шара барысында белгілі болғандай, олар Глубокое ауданының аумағындағы Сакмариха өзенінің жағасында тегіс ұңғылы мылтықпен бұлан атып алған.

Сол іске қатысты биыл 10 ақпанда Риддер қалалық соты кінәлі адамды мемлекет пайдасына материалдық залалды толық мөлшерде өндіріп ала отырып, 2 жылға аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды. Сондай-ақ, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесті.

Келтірілген шығын 2083500 теңгені құрады.Риддер