• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Ақпан, 2021

Уақытша жұмыссыздар саны қай облыстарда басым екені айтылды

445 рет
көрсетілді

2020 жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі үлкен және орта кәсіпорындарда өндірістің тоқтауына байланысты 7,5 мың адам уақытша жұмыссыз атанды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе жоғары. Олардың жартысы Алматы, Маңғыстау және Алматы облыстарында тұрады, деп хабарлйады Egemen.kz

Өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есе төмендеген еді. Ал карантин кезеңі сәйкес келген екінші тоқсанмен салыстырғанда уақытша жұмыссыздық көрсеткіші 4,4 есе қысқарды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 3,8 мың уақытша жұмыссыз адам тіркелген еді. Өңірлер бойынша қызметі тұралап тұрғандардың тең жатысы Алматы, Маңғыстау және  Алматы облыстарында тұрады. Олардың дені кәсіпорындарда жұмыстың тоқтауына байланысты еңбекпен қамтылмай отыр.  Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш бірден 7,6 есе өсіп, уақытша жұмыссыздар саны 1,8 мың адамға жеткен. Маңғыстау облысында 5 есе артып, 1,2 мың адамды құрады. Ал Алматы облысында көрсеткіш 4,4 есе өсіп, 813 адам болып отыр.

Бұған қарамастан, еліміздің кей өңірлерінде мұндай жағдай орын алмаған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында керісінше уақытша жұмыссыз қалғандар саны 62,6%-ға, Түркістан облысында — 19%, Шығыс Қазақсанда 6,4%-ға төмендеген.