• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Ақпан, 2021

Атырауда 11 мың тонна балық экспортқа жіберілді

630 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, өткен жылы өңір балықшылары аулаған өнім 11 мың 600 тонна балықты құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауланған балықтың 11 мың тоннасы өңделіп, оның 98 проценті шетел нарығына экспортқа жіберіліпті. Қазір балық шаруашылығы саласында 4 800 адам жұмыс істейді.«Өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Оның қатарында тоған шаруашылығын дамытуға бағытталған 6 жоба бар. Сондай-ақ, балық шабағын өсіру, балық шабағын өсіру зауытын кеңейту жобаларын іске асыру жоспарланып отыр»‚ дейді Махамбет Досмұхамбетов.