Кеше, 17 ақпан күні сағат 10:00 шамасында «Омбы – Майқапшағай – Тасбастау – Ақжар» тас жолының 33 шақырымында LADA автокөлігінің жүргізушісі жолдағы метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға салдарынан LADA автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен жолаушылары Зайсан ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың арасында 2 және 5 жас аралығындағы балалар да болған. Аталған фактіге орай сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша заң аясында шешім қабылданады.
Фотосуретке қарасаңыздар, КамАЗ жүк көлігі шекара қызметіне тиесілі.