Құрылыс секторын дамыту бойынша Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік институт «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» 2020 жылғы жұмыс қорытындыларын шығаруды жалғастыруда.
Техникалық реттеу
2020 жылы Еурокодтарға (Құрылыстағы еуропалық стандарттар) толық көшуге байланысты жалпы құрылыс мәселелері (жоспарлау, инженерия және т. б.), сондай-ақ есептеу және жобалау бойынша 256 ҚНжЕ жойылды.
Қазақстан Республикасының құрылыс ережелері сияқты Алматы қаласы үшін аса маңызды «Сейсмикалық шағын аудандастыруды есепке ала отырып, Алматы қаласының аумағында құрылыс салу» нормативтік құжаты әзірленіп, қабылданды.
«Инженерлік коммуникацияларды көлденең бағытталған бұрғылаумен төсеу» Қазақстан Республикасының құрылыс ережелері әзірленді.
Ұйымдардың өтініштері бойынша ұлттық қосымшалары бар Еурокодтарды қолдануды талдау бойынша жұмыс жалғасуда (Еурокодтар мен ұлттық ұсыныстарды, нормативтік-техникалық құралдарды түзету жөніндегі ұсыныстар уәкілетті органға қарауға және бекітуге жіберілді).
Сейсмикаға төзімді құрылыс
2020 жылы институт мамандары «Modex» зауытының көлемді блоктарын Қазақстан үшін бірегей сынаулардан өткізді. Көлемді блоктарды пайдалану Қазақстанның құрылыс саласын түбегейлі өзгертпек: көлемді блоктарды пайдалана отырып, 16 қабатты тұрғын үй салу үшін бар болғаны 4 ай қажет болады.
Сонымен қатар, 2020 жылғы маңызды жобалардың бірі Алматы қаласының Зерделі шағын ауданындағы 31 тұрғын үйді техникалық тексерудің аяқталуы болып табылады. Қисайған үйлерді түзеу бойынша ұсыныстар берілді, 2020 жылы 1/179-үйдің тіктігін қалпына келтіру жүзеге асырылды. 2021 жылы жұмыстар жалғасады деп жоспарлануда.
62 арнайы техникалық шарт (АТШ) әзірленіп, техникалық жай-күйі туралы 257 қорытынды берілді. 3 вибродинамикалық стендтік сынау өткізілді.
«Институт 2020 жылы Даму жоспары бойынша барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізді», Жаймбетов Мархабат Жайымбетұлы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.