• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2021

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына Богданович мұздығына бармауды ескертті

629 рет
көрсетілді

Ауа райының кенеттен өзгеруіне байланысты қала тұрғындарын маусымаралық жорықтардың қауіптілігі туралы ескерткен Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков пен Алматы қаласы Құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев ӨКҚ-де өткен брифингте апаттың алдын алу шаралары туралы мәлімдеді.

Богданович мұздығы үлкен Талғар асуынан оңтүстік-батысқа қарай Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан.Теңіз деңгейінен 3160-3360 м биіктікте орналасқан Богданович мұздығының аумағында қаладан жақсы көрінетін көптеген әдемі шыңдар бар. Ауданның басты шыңы мен ең биік нүктесі - Нұрсұлтан шыңы, биіктігі 4376 м.  Бұл шың - Іле Алатауының ең әдемі шыңы және Алматының визит карточкасы болып табылады. Богданович мұздығы циркінің басқа да белгілі шыңдары: Абай шыңы, Школьник шыңы, Чкалов шыңы, Физкультурник шыңы, Амангелді шыңы, Пионер шыңы, Қарлытау шыңы болып табылады.

Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков таулы аумақта қар көшкіні мен сел жүру ықтималдығы артатындығын айтып, алдын ала жауын-шашынның ықтималдығын әрдайым тексеріп, сапар уақытын есептеу қажетігіне көңіл бөлуді ескертті. Бағыт Талғар асуына фуникулермен көтерілуден басталады. Мұздыққа қарай және артқа жаяу жүру бағыты 5-6 сағатты құрайды. Жаяу жүргіншілер бөлігінің ұзындығы - 8 км.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі тау қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 2021 жылы қосымша 120 км тау жолдарын абаттандыруды жоспарлап отыр. Таудағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жоспарланған:

Кіші және Үлкен Алматы шатқалындағы 2 бақылау-құтқару пункті; Тау маршруттарының шалғай тораптық учаскелерінде қауіпсіздіктің 14 тірек нүктесі; «Тұйық-су» шатқалынан тікұшақ алаңы;10 радиорелелік діңгектерді орнату (құтқару отрядтарына дабыл беру батырмаларымен); «Tau Go» смарт-навигатор қосымшасын әзірлеу.

Биылғы  жылы таулы жерлерде арнайы бақылау-құтқару пункті құрылып, онда құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Тау құтқарушыларының құрамы 16 штаттан жасақталған.