• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Ақпан, 2021

Шетелден келген жолушылардан коронавирус анықталған жоқ

77 рет
көрсетілді

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 19 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы 19 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 761 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 424 адам, анықтамасыз 337 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 608 жолаушы, анықтамамен - 1 354, анықтамасыз - 254;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 106 жолаушы, анықтамамен - 1 023; анықтамасыз - 83;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 451 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.