Атырау облысында алдағы бес жылда 7 мың отбасыны баспанамен қамтылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында белгілі болды.
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаевтың мәліметінше, Атырау облысында алдағы бес жылда 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 7 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жаспарланыпты. Сондай-ақ, облыста 7 кәріздік-тазарту иммараттарының құрылысын салу, қайта жаңғырту жобасын іске асыру көзделген.