Қазақстандық боксшылар Болгарияда өтетін дәстүрлі «Странджда-2021» халықаралық бокс бәсекесіне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
22-27 ақпан күндеріне жоспарланған байрақты бәсекеде тоғыз боксшы Қазақстан сапынан шаршы алаңға шығады.
Олар: Олжас Байниязов, Бейбарыс Жексен, Саматәлі Төлтаев, Қуан Қуатов, Нұрқанат Райыс, Бауыржан Байгоншеков, Сағындық Тоғмбай, Айболды Дәуренұлы және Әділ Басығараев.