• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Жас аналар байқауы

680 рет
көрсетілді

Мұхамеджан Тынышпаев атын­дағы Ақтөбе көлік және ком­муникация колледжінде «Ана – отбасының алтын діңгегі» атты жас аналар байқауы өткізілді. 

Мұхамеджан Тынышпаев атын­дағы Ақтөбе көлік және ком­муникация колледжінде «Ана – отбасының алтын діңгегі» атты жас аналар байқауы өткізілді. Байқауды Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Контакт» зерттеулер мен жобалар орталығы ұйымдастырды. Шараның мақсаты отбасының татулығы мен бірлігін сақтай білетін жас аналарды үлгі тұту, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұ­рыпты насихаттау болып табылады.

Бұған дейін де бұл орталық отбасы құндылығын арттыруға бағытталған шараларды жиі ұйымдастырып келген екен. Әсі­ресе, олардың ішінен «Жас отау» байқауын айрықша атауға болады. Биыл бұл байқауға сәл өзгерістер енгізіліп, оған бір және одан да көпбалалы жас аналарды қатыстыру талабы қойылған. Тілек білдірушілердің арасынан он жас ана ғана байқауға қатысуға жолдама алған.

Қатысушылар бес шарт бойынша сынға түсті. «Таныстыру» шарты бойынша қатысушылар отбасымен бірге түскен қызықты суреттерді ұсы­нып, ән және өлең арқылы өзін таныстырды. «Ата дәстүр – асыл қазынамыз» атты шарт бойынша жас аналар салт-дәстүр бойынша сахналық көрініс қойса, «Отбасыма жайған дас­тарқан» шартында түрлі тағам әзірледі. Жас аналар байқауы қызғылықты да тартысты өтті.

Байқау қорытындысында Ақтөбе политехникалық кол­леджінің оқытушысы Махаббат Төлен­ғалиева бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мұхамеджан Ты­нышпаев атындағы Ақтөбе көлік және коммуникация кол­леджінің оқытушысы Гүл­бақыт Жандарбековаға бе­рілді, ал Әлия Молдағұлова атын­дағы Ақтөбе гуманитарлық кол­леджінің оқы­тушысы Нұргүл Бижанға үшінші орын бұйырды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе. 

Соңғы жаңалықтар