• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Ақпан, 2021

Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидасы бекітілді

1132 рет
көрсетілді

2020 жылғы 30 қарашада «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы әзірленді

Осы Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 121-бабының 4-тармағына және жедел медициналық көмек, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен толығырақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК-ның https://emcrk.kz/ ресми сайтында танысуға болады.