*Алматы қаласындағы 32 тұрғын үйдің жарамсыз лифтілері ауыстырылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 312 млн. 500 мың теңге бөлінген. Осы шаһарда негізінен 4 мыңға жуық лифті жұмыс істейді. Соның ең ескілері бұдан 35 жыл бұрын орнатылған. ПИК қызметкерлері қазір тұрғындармен келісімшартқа отырып, атқарылатын жұмысты пысықтау үстінде.
*Алматы қаласындағы 32 тұрғын үйдің жарамсыз лифтілері ауыстырылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 312 млн. 500 мың теңге бөлінген. Осы шаһарда негізінен 4 мыңға жуық лифті жұмыс істейді. Соның ең ескілері бұдан 35 жыл бұрын орнатылған. ПИК қызметкерлері қазір тұрғындармен келісімшартқа отырып, атқарылатын жұмысты пысықтау үстінде.
*«Болашақ» бағдарламасына жаңа санаттар енгізілді. Осының негізінде бұқаралық ақпарат өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлеріне магистр атануға мүмкіндік жасалды. Қазіргі кезде біздің жастар бұл бағдарлама бойынша әлемнің 33 елінде білім алуда.
*Қашаған кен орнында мұнай өндіруді жаңғырту мәселесі келер жылдың қаңтар айы ортасына қарай шешіледі. Осы жұмысты жүйелі жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» өкілдерімен келіссөздер жүргізуде.
*2014 жылы «Алматы–Ташкент» халықаралық жүрдек пойызы жолға шығады. Бұдан бөлек, «Астана–Защита», «Алматы–Защита», «Алматы–Ташкент» және «Алматы–Ақтөбе» жүрдек пойыздарын қатарға қосу міндеті тұр. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің мәлімдеуінше, жыл сайын олардың саны көбейтіліп отырады.
*Жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымының бірінші нысаны Ақтау айлағында іске қосылды. Бұл құрылғы мамандар тарапынан оң бағаланып отыр. Өйткені, ол Каспий теңізінің қазақстандық секторына ғылыми-іздестіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.
*Ақтөбе облысында алдағы мерзімде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Сондай-ақ, биыл 607 тұрғынға пәтер кілті табыс етіледі. Бұл бағдарлама жергілікті өңірде өткен жылдан бастап қолға алынған.
*Келер жылы «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 180 шақырымы пайдалануға беріледі. 2015 жылы оны толық іске қосу жоспарланған. Жалпы, биыл бұл бағыт бойынша облыстар аумақтарында 1853 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген.
*Қызылорда қаласында алдағы жылы жаңа автобус паркі салынады. Сонымен бірге, 20 автобус сатып алу көзделуде. Осы істердің тиянақты атқарылуына 27 млн. доллар бөлінген.
«ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.