• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Ақпан, 2021

SCAT Ресейге қатынайтын рейстердің біршамасын тоқтатты

154 рет
көрсетілді

2021 жылдың 21 және 24 ақпанынан бастап «Ақтау – Мәскеу» және «Шымкент – Мәскеу» бағыттары бойынша SCAT әуетасымалдаушысы орындайтын рейстер уақытша тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әуекомпания өкілдерінің мәліметінше, 21 ақпанда Мәскеу – Ақтау рейсі біржақты бағытта орындалған.

Қазіргі уақытта Ресей тарапы жоғарыда аталған рейстерді орындауға құжаттық рұқсат берген жоқ. Компания жоғарыда аталған бағыттар бойынша билеттерді сатуды уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. 

«Ресей бағыттарындағы рейстердің артуы жолаушылар үшін де, әуекомпания үшін де үлкен маңызға ие. Өкінішке орай, әуетасымалдаушы ресейлік авиация билігінің шешіміне әсер етпейді. ҚР Азаматтық авиация комитеті мен SCAT әуекомпаниясы қазіргі уақытта жоспарланған бағыттарды толыққанды іске қосу бойынша белсенді бірлескен жұмыс жүргізуде» делінген хабарламада. 

Компания бұл мәселені келесі аптада шешуді жоспарлап отыр. Тоқтаған рейстерге қатысты жолаушыларға ұшу құнын 100 пайыз қайтару немесе айыппұл санкцияларын қолданбай қайта брондау ұсынылады.