• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Астана жолдары кеңейеді

265 рет
көрсетілді

Астана қаласында 2016-2017 жылдар аралығында жол салынып, жарамсыз тұрғын үйлер ретке келтіріледі.Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

Бүгін, Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылға дейін бұзылатын тұрғын үйдің иелеріне жаңа пәтер берілетінін мәлімдеді. Бұзылатын жарамсыз тұрғын үйлердің көлемі шамамен 150 мың шаршы метр құрайды екен.

«Жалпы алатын болсақ, қала қалыптасқалы бері 12 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері мен бағдарламалары бойынша, 18 мың отбасы немесе 60мың адам жеке үйге қол жеткізген»,-деп атап өтті сөз орайында қала басшысы.Сондай-ақ ол жол-көлік қозғалысына қатысты былай деді: «Жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасын халықаралық қаржы ұйымдарының есебінен жүзеге асыру жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Азия даму банкі арқылы қаржыландыру қарастырылды. Аталған банк экономикалық және әлеуметтік тиімділіктер пакетін толық талдап шығып, жоба аса қымбат деген қорытынды жасады. Мысалы, ұзындығы 21,4 шақырым болатын жеңіл рельсті көлік жобасының бірінші бөлігіне 250 млрд. теңге жұмсалады екен. Ал арнайы салынған жолдармен жылдам жүретін бағыттық автобустар (БРТ) желісінің осындай учаскесіне 85 млрд.теңге қарастырылған. Жалпы, осы екі жобаның баға айырмашылығы 151 млрд. теңгені құрап отыр. Сондықтан соңғы аталған жобаның бірінші желісін 2016 жылы аяқтау туралы шешім қабылданды».

Бұл іс қала жолдарындағы көлік кептелісін болдырмау мақсатымен қолға алынғалы отыр. Ол бойынша атқарылатын жұмыстарды тиянақты атқару жауапты тұлғаларға тапсырылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі

Фото: Yvision.kz

Соңғы жаңалықтар