Келер жылдан бастап «Халықтық IPO» бағдарламасы жаңа бағытта жұмыс істейді.Талап бойынша жеке жинақтаушы зейнетақы қоры болмайды. Оның орнына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құру мәселесі шешімін табады.
Келер жылдан бастап «Халықтық IPO» бағдарламасы жаңа бағытта жұмыс істейді.Талап бойынша жеке жинақтаушы зейнетақы қоры болмайды. Оның орнына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құру мәселесі шешімін табады.
Арнайы тексеру барысында еліміздегі 88 су айдынының 13-і ғана таза екені мәлім болды. Осыған орай Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі жауапты құрылымдарға келеңсіздікті кезең-кезеңімен жою жөнінде тапсырма берді.
Академик Манаш Қозыбаевтың 7 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шығарылған жинақтың алғашқы томына «Майдангер студенттер», «Ақтаңдақтар ақиқаты» кітаптары жинақталған.
Астанада 2017 жылға дейін апатты жағдайдағы 228 үй сүріліп тасталады. Бұл ретте тұрғын үй иелерін жаңа пәтермен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда. Жалпы, елорда қалыптасқалы бері 12 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Маңғыстау облысындағы экологтар жүк пойызы мен жанармай таситын көліктің соқтығысуынан болған өрттің шығынын есептеп шығарды. Оның қоршаған ортаға келтірген залалы 120 млн. теңгені құрайды. Құқық қорғау органы апатқа тікелей кінәлі «ЭмирОйл» компаниясына шығынды төлеуді міндеттеді.
Семей қаласында жаңа медициналық жедел-жәрдем ауруханасы ашылды. Ол заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Осы арқылы өңір тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге қадам жасалып отыр.
Орал қаласында жас отбасыларға 90 пәтер берілді. Бұл тұрғын үй «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде салынған болатын.
«ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары
бойынша дайындалды.