• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2021

Электр желісіндегі ақаудан мұнай өңдеу зауытына 25 млрд теңге шығын келген

298 рет
көрсетілді

Бұл туралы Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбай мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның айтуынша, кәсіпорында аймақты электрмен жабдықтау жүйесінде болған  бұзушылықтар нәтижесінде техногендік ақаулар жиі кездескен.

«Биылғы қаңтарда зауытта кернеудің 21 терең ақауы байқалды. Соның салдарынан CCR технологиялық қондырғысы катализаторларының 90 проценті істен шықты. Бұдан басқа да салдарлар пайда болды. Сол себептен, зауыт әлі күнге дейін тұрақты технологиялық режимге ене алмай отыр. Кәсіпорынға келтірілген шығын 25 млрд теңгеге бағаланды»,  дейді Шухрат Данбай.