Алматы қаласында кеше күндізгі сағат 4-терде басталған жаңбыр түннің жарымнан аса қарға ұласты. Ауа райы минус 10 градусқа дейін төмендеп, таңғы сағат 06.00-ге дейін қалада 15-20 см, таулы және тау бөктерінде 25-35 см қар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы жұмыс күші жұмылдырылып, қар тазаланды.
Қар тазалау жұмысына 560 техника бірлігі, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы 3 540 тонна материал пайдаланылуда.
Түнгі сағат 03.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Таңертеңгі қарбалас уақыттан кейін қарды қаланың сыртына шығару жоспарланған.
Қазіргі кезде қала және аудандары әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.