Түркістандық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан бұзақылық жайтын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мониторинг жасау кезінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің парақшасында жастар арасында орын алған төбелес жайлы жарияланған бейнежазбаны тапты. Оны тексеру кезінде оқиға Арыс ауданы ғимараттарының бірінде ресми іс-шара барысында орын алып, кейін көшеде жалғасқаны белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, Арыс АПБ-ның қызметкерлері төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар екі оқу орнының білімгерлері, яғни жас жергілікті тұрғындар болып шықты. Олар бірден полиция бөліміне жеткізілді.
Төбелестен зардап шеккендер жоқ.