• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Жаңа жылдық қабылдау

437 рет
көрсетілді

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында армия генералы Саға­дат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тың­даушыларын Жаңа жылдық қабылдау болып өтті.

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында армия генералы Саға­дат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тың­даушыларын Жаңа жылдық қабылдау болып өтті.

Дәстүрге сай Қорғаныс министрлігінің басшылығы Жаңа жыл қарсаңында осы мектепте оқитын оқу озаттарымен, жетім балалармен және аз қамтылған отбасылардан шыққан тәрбиеленушілермен кездеседі. Бұл жолы жасұландықтарға елорда мектептерінің оқушылары да қонаққа келді.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері болашақ Отан қорғаушылар үшін мерекелік сазды-театрландырылған қойылымдар ұйымдастырды, сыйлықтар табыс етті.

«Жас ұлан» республикалық мектебінде оқушылар әскери бағыттағы орта білім алып шығады. Олардың көбі мектепті бітірген соң республикамыздың және шетелдердің әскери оқу орындарына аттанбақ.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар