Қазіргі Қазақстанда ұлан-ғайыр қазақ даласын кесіп өтіп жатқан теміржол магистралінің екі негізгі бағыты бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі теміржол желісінің құрылысы басталады.
Қазіргі Қазақстанда ұлан-ғайыр қазақ даласын кесіп өтіп жатқан теміржол магистралінің екі негізгі бағыты бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі теміржол желісінің құрылысы басталады.
Дегенмен, Сарыарқаның кең жазира даласы жол инфрақұрылымы тұрғысынан алғанда әлі күнге дейін толық игерілген жоқ және адамдар тұрмайтын өңірлері де бар. Сондықтан Қазақстанның орталығында кейбір ауылдар, қалалар, атап айтқанда, Жезқазған қаласы көліктік тұйыққа келіп тіреледі. Бірақ та бір кездері олар тіршілігі қайнап жатқан аймақ болатын. Ертеректе қазақтар осы даланың қақ ортасымен көктемде солтүстік жаққа, күзде кері қарай оңтүстікке көшіп-қонып жүргенін тарихтан жақсы білеміз. Олар қазіргі пойыздар бағыты сияқты немесе автокөлік жолдарындай айналып жүрмеген.
Орталық Азиядан Түркістан арқылы Сарыарқаға, одан әрі Сібірге барып тұрған керуен жолдарының сүрлеуі әлі сайрап жатыр! Ежелгі көші-қонның даңғыл жолын қайта жаңғырту біздің Қазақстан Президентінің еліміздің транзиттік мүмкіндігін ұлғайту туралы стратегиялық басымдығын жүзеге асырғанымыздың бір көрінісі болмақ. Елбасы осындай міндетті өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айқындаған.
«Ұлытау» (Оңтүстік – Солтүстік) көлік дәлізі жолаушылар мен жүк тасымалын арттырып, тек Қазақстанның ғана емес, Азияның өзге елдері тұрғындарының интеграциялық байланысын кеңейте түсетіні анық! Сапалы жасалған заманауи автокөлік және теміржол желісі Жезқазған қаласын халықаралық маңызға ие әуе байланысы бар, келешегі зор тоғыз жолдың торабына айналдыратыны сөзсіз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Жезқазған әуежайы жыл бойы ашық болатыны белгілі.
Маңызды жолдарды жаңғырту Жезқазған – Ұлытау өңірінің тарихи және табиғи сұлу аймақтарында туризм мен демалыс орындарын дамытуға серпін беретін болады. Кең далада тарыдай шашыраған ауылдардың «бойына қан жүгіреді», ал тұрғындарға медициналық пойыз қызмет көрсете бастайды. Болашақта тығыз орналасқан өңірлердің тұрғындары осы аймаққа қоныс аударып, күре жолдың бойында жаңа елді мекендердің пайда болатыны, әлеуметтік инфрақұрылым жан-жақты дамитыны айтпаса да түсінікті.
Сарыарқаның жерасты қазба байлығы да мол, сондықтан жаңа кен орындарын игеруде де артықшылықтарға ие болмақ. Яғни, тау-кен кәсіпорындарының құрылысына жаңа инвестициялар құйылатыны, соған орай қажетті көлік нысандары, құрылыс және қайта өңдеу саласының кәсіпорындары ашылатыны анық.
Жаңа даңғыл жол Еуразия халықтарының гуманитарлық ынтымақтастығын ұлғайтады және бүкіл түркі дүниесінің сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын жан-жақты аша түседі. Сонымен бірге, ежелгі жолдың жаңғыруы Түркістанға, әсіресе, Ресей мұсылмандарының Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты ислам әлемі үшін киелі болып табылатын тарихи орынға баратындардың қатарын арттыра түсетіні күмән туғызбайды.
Осындай кең ауқымды жобаның еліміздің перспективалық даму жоспарына енуі мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына кіру туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін және бір негізгі фактор болып табылады.
Андрей БЕГЕНЕЕВ,
Мәжіліс депутаты.