• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Кино 25 Ақпан, 2021

Қазақстандық телебағдарламаға арналған сериал жарыққа шығады

721 рет
көрсетілді

Бүгіннен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 25 жылдық тарихы бар «Таңшолпан» бағдарламасына арналған отандық сериал жарыққа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Телехикая оқиғасы телеарнадан көрініп, атақты болуды армандайтын кейіпкердің басынан кешкендері бойынша өрбиді. Балалар үйінде тәрбиеленген басты кейіпкердің «теледидардан көрінсем, ата-анам мені тауып алады» деген үзілмес үміті бар. Оның мақсатына жету жолындағы қадамдары «Таңшолпан» бағдарламасының тыныс-тіршілігін, ұжымының жанкешті еңбегін көрсетеді.

«Бұл телехикая басқалардан өзінің шытырманға толы сюжеттік оқиғасымен ерекшеленеді деп толық айта аламын. Басты кейіпкердің өзінің арман-мақсаты жолындағы әрекеттері, табандылығы көрерменге ой салатыны анық. Журналистердің, экран сыртындағы қызметкерлердің еңбегін көрсете алатын бірден-бір туынды. Ерекше махаббат оқиғасы мен отбасы тақырыптары да көрерменді толғантпай қоймайды», - дейді телехикая режиссері Төребек Бейсебаев.

«Таңшолпан» - қазақстандық кинематография тарихындағы телебағдарламаға арналған алғашқы отандық сериал. Шығармашылық топтың айтуынша, кейіпкерлер арасында нақты прототиптер жоқ, десе де, толықтай таңғы бағдарламаның табиғатын ашуға бағытталған.

Басты кейіпкерлерді сомдайтын актерлер арасында Аян Өтепберген, Гүлназ Жоланова, Қуаныш Керімқұлов, Әйгерім Үзембаева бар. 12 бөлімді телехикая «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 25 ақпаннан бастап дүйсенбі-жұма аралығында 21:30-да эфирге шығады.