Жамбыл облыстық прокуратурасы жүргізген тексерулердің нәтижесінде үстіміздегі жылы экономикалық контрабандаға қатысты 52 қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күнге дейін оның 26-сы сотқа жолданған. Оның ішінде «12 жүк көлігі» туралы аты-шулы қылмыстық іс бар. Облыс прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігіндегі тергеу тобы аяқтаған бұл іске кеден қызметкерлері Джулсаитов (Жолсейтов болуы да мүмкін) пен Көпбаев «крыша» болған. Түсінікті тілмен айтсақ, кедендегі осы қызметкерлер қылмыстық іске тікелей көмектескен. Сондай-ақ, «он екі мүшесі» түп-түгел 12 жүк көлігін «қосалқы бөлшек» (запчасть) ретінде жалған рәсімдеп, контрабанданың тың айла-шарғысын ойлап тапқан А.Надыров пен И.Красман дегеннің де «еңбегін» жоққа шығаруға болмайды. Сөйтіп, олар осы қылмыстары арқылы мемлекетке 96 842 745 теңге залал келтірген. Арнайы прокурордың дер кезінде шара қолдануының нәтижесінде, оның ішінде мүлікке тоқтам салу арқылы, қазір бұл шығынның орны қайта толтырылуда. Өйткені, Қордай аудандық сотының үкімімен А.Надыров, И.Красман және «Қордай» кеден бекетінің қызметкерлері Джулсаитов, Көпбаев пен Ахметов тиісті жазаларын алып, «экономикалық контрабанда» деп танылған 96 842 745 теңгеге бағаланған мүлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім қабылдады.

Мысалы, осы тектес қылмыс жасағаны үшін облыстық ІІД-нің жол полициясы басқармасының аға автоинспекторы С.Сағынтаевтың жымысқы әрекеттері облыстық прокуратураның тексеруі барысында әшкере болған. Сонда бұл аға инспектор қандай қылмыс жасаған? Ол «TOYOTA LAND CRUISER-200» және «TOYOTA LAND CRUISER PRADO» автокөліктерін Кеден одағына кіретін Беларусь Республикасынан әкелінген деген жалған құжаттар қолдану арқылы рәсімдеген. Соның салдарынан 8 874 983 теңге қаржыны құрайтын кедендік төлемдер мемлекет пайдасына емес, қылмыстық жолмен байығысы келгендердің қалтасында қалған. «Осы «қызметі» үшін аға автоинспектор қанша алды?» деген сұрақтың ойға оралуы да заңды. Ал сол Сағынтаев Тараз қаласының №2 сотының үкімімен, сізге өтірік, бізге шын, «салақтық жібергені үшін» деген жазамен сотталыпты. Түймедей зат емес, түйедей автокөлікті рәсімдеп тұрып білікті кадр қалай салақтық жібереді? Күмәнді, күдікті және түсініксіз.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.