• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 26 Ақпан, 2021

ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды

220 рет
көрсетілді

Алматы облысы Талғар ауданының білім бөлімі, Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11-сынып оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының ұйымдастырумен өткен «Ашық есік» күніне қатысты.

Іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнісов ашып, барлық қатысушыларды осы іс-шарамен құттықтап, сәттілік тіледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы осы жылғы ҰБТ-ны өткізу ерекшеліктері туралы ақпарат берді.

Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайынға дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сыйы-2021» республикалық пәндік олимпиадасының ережесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тарих және құқық  институты директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев институттағы студенттерге арналған үйірмелер, клубтар мен оқуға берілетін жеңілдіктері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Руслан Сейтказиев және Еңлік Нұрмұқан  ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен әлем тарихы пәндері бойынша сұраққа дайындалу принциптері, сонымен қатар кафедрадағы білімберу бағдарламаларына оқуға түсуге арналған пайдалы кеңестер мен ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара барысында әлем тарихы кафедрасының қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын 1 және 2 курс студенттері де сөз сөйлеп, кафедраның білім беру бағдарламалары туралы видеороликті көрді.

Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11-сынып оқушылары кафедрада дайындалатын мамандықтар бойынша сұрақтарға жауап алды.