• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2021

Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

332 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңесінің біріккен онлайн-отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері - қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры жанындағы “Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы" СЕО көшбасшысы Гүлмира Қорғанбаева, “Отбасы банк” тұрғын үй құрылыс жинақ банкi” АҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов, ҚР БҒМ ҒК "Жану проблемалары институты" РМК бас директорының кеңесшісі, профессор Зулхаир Мансұров  2021 жылғы Кеңес қызметінің басым бағыттарын талқылады.

Алматы қаласының НЗМ ХББ баспасөз-қызметінің мәліметіне сүйенсек, мектеп директоры Гүлмира Мункеева филиалдың 2020 жылға арналған оқу жетістіктері, тәрбие жұмысы, мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуі, оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның нәтижелері сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс есебін беріп, Алматы Зияткерлік мектебінің таяудағы стратегиялық жоспарларымен таныстырды.

Жиналыстың басты тақырыбы - жалпы алаңы 800 ш.м.құрайтын "NIS engineering LAB" ашық цифрлық технология зертханасының мектеп аумағындағы болашақ құрылысты талқылау болды. NIS –тің жаңа жобасы болашақта Зияткерлік білім орданың оқушыларымен қатар  қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінің шәкірттері үшін IT-стартаптар мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға арналған Hub-алаңына айналуы тиіс.

Сонымен қатар, жиында Зияткерлік мектептердің тәжірибесін Алматының жалпы білім беру мекемелеріне кеңінен енгізу қажеттігіне ерекше назар аударылды. NIS тәжірибесін тарату аясында алматылық Зияткерлік білімордасы  қаланың 80 мектебі және облыстың 20 мектебін қамтуда, үнемі өткізіліп отыратын арнайы вебинарлар, семинарлар, шеберлік сыныптарға өңірдің мыңнан астам педагогтары қатысады.

Мектеп директоры ауыл мектептерінен дарынды оқушыларды НЗМ-ге оқуға түсу бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға неғұрлым белсенді тарту туралы мәселені көтерді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері республикадағы орта білім берудің флагманы болып табылатын білім ордасына түсу емтихандарына алыс аудандардағы оқушыларды жан-жақты дайындау үшін мүмкіндік беретін алгоритмдерді талқылады.

Мектептің Қамқоршылық Кеңесінің келесі отырысы 2021 жылдың сәуір айына жоспарланған.