Биылғы 24 ақпанда Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы Терісбұлақ өзені ағып жатқан Байқоңыр көшесіне барып, тексеру барысында құбырдың бітеліп қалғанын анықтады. Соның салдарынан өзенге кәріз ағындары төгілген. Құдықты тазарту үшін Жасыл экономика басқармасы «Алматы Су» МКК қызметкерлерін шақырды. Жұмыс үш күнге созылып, 26 ақпанда Терісбұлақ өзеніне кәріз суын ағызу тоқтатылды.
Қала белсенділері Вячеслав Павленко мен Салтанат Тәшімоваға алғыс айтамыз.
Айта кетейік, кәріздік лас судың өзенге ағуы 2020 жылдан бері жалғасып келеді. Өткен жылдың күзінде Жасыл экономика басқармасы құдықты тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Басқарма кәрізге жауап бермейді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін ЖЭБ кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдау үшін Экология Департаменті мен Полиция Департаментіне хат жолдады.