• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2021

Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды

221 рет
көрсетілді

Алғыс айту күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері Сәбит Мұқанов атындағы саябаққа көшет отырғызды.

Мейірімділік пен кеңпейілділіктің, жанашырлық пен ізгіліктің рухани дәстүрлерін қолдау күніне арналған айтулы шараға Парламент Мәжілісінің депутаты, Әзірбайжан қауымдастығының төрағасы Абилфас Хамедов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы төрағасының орынбасары Вакиль Набиев, «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының тең төрағасы  Ахмед Мурадов қатысып, алғыс айту күнін мерекелеу қоғамның топтасуын, азаматтық татулықты, қоғамдық келісімді, ортақ тарих пен тарихи естеліктер негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуды қамтамасыз етеді деген ойларын ортаға салып, ортақ отанымыз – Қазақстанға үлкен алғыс білдірді.

 Жүргенов атындағы өнер акдемиясының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Меңдіғаным Шаймерденова, сонымен қатар Алматы қаласы «Жаңғыру жолы»  жастар қозғалысының мүшесі Бахтинур Сыдықова ізгілік күнін атап өту үлкеннен – ізет, кішіден – шапағат болатын халқымызбен бірге жасасып келе жатқан асыл қасиеттерін жастар арасында дәріптеумен қатар елімізде бәйбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады, деп атап өтті.

Іс-шараға сонымен бірге, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашыл қауым өкілдері, студент жастар, Алматы қалалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері қатысты.

АЛМАТЫ