Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара Жамбылдың 175 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы орайластырылған.
Рәсімге Бас консулдық қызметкерлерімен қатар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері, Санкт-Петербор қаласы және Ленинград облысының әкімшілігі, қазақ диаспорасының белсенділері, қазақстандық студенттер, петерборлықтар және қала қонақтары қатысты.
Қатысушылар өткізіліп отырған іс-шараның екіжақты мәдени ынтымақтастықты кеңейту және нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Шара барысында Жамбылдың қоршаудағы Ленинград тұрғындары үшін аса жақын болған «Лениградтық өренім» шығармасы орындалды.
Еске сала кетсек, Санкт-Петербордың Орталық ауданында Жамбыл Жабаевтың ескерткіші 2003 жылы Қазақстанның қаланың 300 жылдығына сыйлық ретінде орнатылған.