• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2021

Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды

165 рет
көрсетілді

 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚХА қоғамдық құрылымдарының, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысын өткізді.

 

Ержан Бабақұмаров Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күнінің институционализациялаудағы рөлін атап өтіп, ҚХА Кеңесінің мүшелеріне этносаралық келісімді, бейбітшілік мәдениеті мен қоғамдағы диалогты, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

Отырыс барысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, қаладағы этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі кешенді шаралардың іске асырылу барысы және осы бағыттың ағымдағы міндеттері қаралды. Өткен жылы ассамблея 182 қайырымдылық іс-шарасын өткізді, 9346 мұқтаж азамат пен 2647 отбасы 60 млн теңгеден астам сомаға көмек пен қолдау алды. Алматы қаласында этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту Тұжырымдамасының жобасы және оны іске асыру жоспары әзірленді. Алматы қаласы ҚХА кеңесінің мүшелері алғыс айту күнінің маңыздылығын атап өтті.

Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктер мен еріктілер корпусының қатысуымен бірқатар қайырымдылық акциялар өтуде. Алғыс айту күніне орай офлайн және онлайн форматтарда әр түрлі деңгейдегі 100-ден астам іс-шаралар өтуде.