• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Наурыз, 2021

Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?

1127 рет
көрсетілді

Statcounter Global Stats мәліметтері бойынша 2021 жылы қаңтар айында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook болды, оның үлесі 69,8% құрады. Одан кейін Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) және Instagram (2,6%) тұр, деп хабарлады ranking.kz.

Қазақстанда Pinterest әлеуметтік желісі бірінші орынға жайғасқан, оның үлесі 32,7%. Ең көп қолданылатын ТОП-5 әлеуметтік желінің қатарына YouTube (20,4%), «ВКонтакте» (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) енді.

2021 жылдың қаңтарында елде байланыс қызметі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,7% қымбаттады. Оның ішінде интернетке қосылу үшін абоненттік төлем 2,1%, кабельді теледидар қызметтері 2,4%, ұялы байланыс қызметтерінің бағасы 1,5%-ке өсті.