• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)

990 рет
көрсетілді

Бүгін шамамен сағат 16:30-да Қостанай – Әулиекөл автожолы бойындағы Новонежин мен Лаврентьев ауылдарының аралығында екі джип көлігі бетпе-бет соқтығысқан.

Полиция мәліметінше, 3 адам мінген «Лексус» автокөлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына кетіп бара жатқан. Ал 4 жолаушысы бар «Мицубиси Паджеро»  Қостанайға қарай келе жатқан. Бәрі оқиға орнында қаза тапты. Апат басында облыстық прокуратура қызметкерлері, автопатруль қызметі мен жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазірге белгілісі, ЖКО салдарынан  7 адам қаза тапты. Кейінірек толық ақпарат береміз», деп мәлімдеді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

 

Қостанай облысы