• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2021

Екібастұзда жолаушылар вагоны өртенді

254 рет
көрсетілді

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс қызметіне Екібастұз қаласы, Астана көшесі 32Б мекен-жайында жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті. «Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-нің ашық аумағында теміржолда металдан жасалған жолаушылар вагонының жанатын бөлшектерінің барлығы жанып кеткен. Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар