• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2021

Илон Маск салатын жаңа қала қайда орналасады?

229 рет
көрсетілді

Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала тұрғызатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Техас штатында Старбэйз (Starbase) қаласын саламын», деп жазды Маск Twitter парақшасында.

Кәсіпкер өзінің жаңа қаласы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока-Чика ауылынан әлдеқайда үлкен аумаққа ие болатынын айтты. Сондай-ақ Маск жаңа қалада иттерге жақсы көңіл бөлінетінін атап өтті.