Атырау облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны 2 мыңға жуық мұғалім салдырады, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, вакцина салдыратын мұғалімдердің тізімін ұсыныпты.
«Атырауға ертең, 4 наурызда «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізіледі. Ал, 15 наурызда тағы да 3 600 доза жеткізу көзделіп отыр. Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да санаттағы қызметкерлер екпе алады. Мәселен, 22 ақпаннан бері Атырау облысында медицина қызметкерлерінің екінші компонентімен вакцинация жүргізілуде. Қазір 775 адам екпе алды. Ал, 225 адамға вакцина кесте бойынша кезекпен салынады», деді Асхан Байдуәлиев.
Оның айтуынша, білім беру саласының қызметкерлерін вакцинациялауды 9 наурызда бастау жоспарланып отыр.