Көктемнің алғашқы күндері Шығыс Қазақстанда қыста соқпаған боран соқты. Қатты жел мен бұрқасын салдарынан жолда қалған 137 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Соңғы тәуліктерде соққан желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. Құтқарушылар облыс тұрғындарына жолға шықпауларын алдын ала ескертті. Алайда, ескертуді елемегендердің кейбіреуі қар құрсауында қалып қойған.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, 137 адам қар құрсауынан құтқарылып, жолда қалған 18 автокөлік жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілген. Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындардың назарына жолдар әлі де болса ашылмағанын жеткізіп, сақ болуды ескертті.