• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2021

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден туындайды

135 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашу бойынша екіжақты кездесуі өтті.

Іс-шара Есеп комитеті мүше­ле­рінің, аппаратының және ведомс­тволық бағынысты ұйы­мы­ның, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және об­лыс­­­тар бо­йынша тексеру комиссия­лары төра­ғаларының, Сы­бай­лас жем­қор­­лыққа қарсы қызметтің аумақ­­тық органдары бас­шы­ла­ры­ның, сон­дай-ақ жұрт­­шы­лық өкілдерінің қатыс­уы­мен өтті.

Жобалық кеңсе – екі ведомс­тво­ның Мемлекет басшы­сы­ның Есеп комитеті мен тексеру ко­мис­сияларының функционалын күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық қағидаттарын ілгері­лету бойынша жедел жұмыс қа­­жеттігі туралы өзара түсініс­ті­гінің нәтижесі.

Іс-шараны аша отырып, Н.Годунова сыбайлас жемқорлық көрі­­ніс­терінің уақтылы алдын алу­­­­дың маңыздылығын атап өтті. Есеп комитетінің өткен жыл­ғы қыз­ме­тінің қысқаша қоры­тын­­ды­лары, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл бойынша қа­был­данып жатқан шаралар айтылды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда екі ведомствоның күш-жігерін бі­рік­тіру, барлық мемле­кет­тік орган­дардың ақпа­рат­тық жүйе­лерін интеграциялау, бюджет қаражаты мен Ұлттық қор актив­терін бірлесіп қадағалау бо­йынша шаралар қабылдау ұсы­ныл­ды.

Агенттік төрағасы сыбайлас жем­қор­лық тә­уекелдерін жою­дан бастап пара­саттылық қағи­­даттарын орын­дамайтын қыз­мет­керлерден та­зар­­туға дейінгі сы­­байлас жем­қорлыққа қарсы инфра­­құ­ры­лым­ды құрудағы Есеп коми­теті мүшелерінің рөліне назар аударды.

«Мемлекеттік аудит органдарына қосымша функциялар бере отырып, Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары қыз­мет­керлерінің, ең алдымен, олар­дың басшы­ла­рының пара­сат­тылығы мен адалдығын арттыру туралы ұмыт­пау ма­ңызды», деді сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы ведомство бас­шысы.

Қатысушылардың пікірінше, бұған қоғамдық көмекшілер – сарап­шылар, кеңесшілер және қамқор азаматтар көмектесе алады. Осыған байланысты, Жо­ба­лық кеңсе шеңберінде жұрт­­шылық пен БАҚ өкілдері қ­а­та­рынан сарап­та­малық кеңес құ­ры­латын болады.

«Есеп комитеті – Адалдық ала­ңы» жобалық кеңсесі жоғары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге жаңа серпін береді. Осы­лай­ша, Есеп комитеті тұрақты диа­лог арқылы жұртшылықты өз қыз­метіне тартуға дайын.