Атырауда 27 жастағы жігіттің қаланың бірнеше бөлігіне есірткіні жасырғаны анықталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі жасырды деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстады.
«Атырау қаласы тұрғынының уақытша мекен-жайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін құралдар табылды. Тергеуден соң күдікті қала аумағының үш нүктесінде өзі жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні тауып берді. Сараптама қорытындысымен есірткі-пировалерон екені анықталды» дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.
Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.