• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2021

Алматы маңында жер сілкінді

250 рет
көрсетілді

Алматыдан 303 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 наурыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 01:07-де жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты 9.6. Магнитудасы MPV 4.1. Бағыты 40.73° с.б, 78.43° ш.е. Тереңдігі 15 км», делінген хабарламада.